МЕККЕ БИЗНЕС-ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛАДЫ
МЕККЕ БИЗНЕС-ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛАДЫ
7 жыл бұрын 3429 e-islam

Таяу уақытта Мекке қаласы әлемдік діни туризм орталығына айналады және MICE-туризм орталығы болады (әртүрлі ұжымдық шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша іскерлік туризм саласы).

Туризм саласының білікті сарапшылары осындай пікірде. Айта кету керек, Мекке діни рәсімдер, қажылық орындалатын мекен болғанымен, соңғы уақытта бұл қалаға әртүрлі елдердің мемлекеттік мекемелері мен шетелдік компаниялар іскерлік шараларын өткізуге келеді.

Мәселен, Меккеде акционерлердің жылдық қорытынды жиыны мен директорлар кеңесі отырыстары жиі өтеді. Бұл бизнес-шаралар ұмра қажылық уақыттарына сәйкес келеді. Сарапшылардың пайымынша, 2020 жылы Таяу Шығыс елдерінің конференциялары мен көрмелерінің басым бөлігі Сауд Арабиясында ұйымдастырылатын болады.

0 пікір
Мұрағат