Медреседе тігіншілер мен дәнекерлеушілерді де дайындайды
Медреседе тігіншілер мен дәнекерлеушілерді де дайындайды
9 жыл бұрын 3028

Қырғызстан мүфтиятының діни білім беру мекемелеріне жауапты бөлімі "АВЕП" қоғамдық қорымен бірігіп, медреселерде қажетті техникалық мамандықтарды оқытатын оқу бағдарламасын енгізуді жоспарлап отыр. Нақтырақ айтқанда, негізінен бес аумаққа бөлінетін Шу облысындағы сегіз медреседе қосымша кәсіби білім берілетін болады. Осы мақсатта арнайы құрал-жабдықтар сатып алынуда. Бұл жайында Қырғызстан Республикасының Мұсылмандар діни басқармасының діни білім беру мекемелері бөлімінің меңгерушісі Ергешов Әкім қажы мәлім етті. Атап айтқанда, Шу облысының оңтүстігіндегі "Абдулла бин Аббас" және аталмыш облыстың батысында орын тепкен «Құран нұры» медреселерінде дәнекерлеушілер даярлап шығарады. Ал «Рауза» медресесінде (Шу облысының солтүстігіндегі) – тігінші, ал осы облыстың шығысындағы «Нұр-ислам» медресесінде электрик мамандығын алып шығуға болады. Бішкек қаласындағы "Абдулла бин Масут" медресесінде аспазшылық мамандығын оқып шығуға болады.

0 пікір
Мұрағат