Маусымның 10-на дейін ашық болатын көрме
Маусымның 10-на дейін ашық болатын көрме
9 жыл бұрын 2934

Ыстамбұл шаһарындағы Айя-София тарихи-мәдени кешенінде ашылған «Пайғамбарға сүйіспеншілік» көрмесі есігін жұртшылыққа айқара ашты. Бұл тағлымды шараны Түркияның дін істері жөніндегі басқармасы мәдениет және туризм министрлігімен, сондай-ақ, ислами өнер және мәдениет платформасымен бірігіп жүзеге асыруда. Аталмыш көрмеде ислам өнерінің жауһарларын, түрлі кезеңде өмір сүрген каллиграфтардың үздік туындылары қойылған. Көрме есігі үстіміздегі жылдың маусым айының 10-на дейін ашық болады.

0 пікір
Мұрағат