Марста тіршілік болған ба?
Марста тіршілік болған ба?
2 жыл бұрын 1024

АҚШ-тағы Көне Доминиона университетінің қызметкерлері Марсты зерттеу мақсатында жасалған, осынау қызыл планетада жүруге арналған Curiosity марскезбесі түсіріп алған фотосуреттен Жерде цианобактериядан түзілетін минералды затты байқаған болатын. Naked Science ресурсы таратқан хабарда айтылғандай, мұның өзі Марста есте жоқ ерте заманда тіршілік болғаны жөніндегі гипотезаны растай түстеді. Осы бағыттағы зерттеуді геологиялық құрылымды 20 жыл бойы зерделеумен шұғылданып келе жатқан Нора Ноффке (Nora Noffke) есімді биологтың жүргізіп жатқанын айта кету керек. Ол Марстағы бір кездері көл болуы мүмкін Гиллеспи Лейк ауданындағы тау жынысы бейнеленген фотосуретті Австралияның солтүстігінен таспаға тартып алынған, осыдан 3,5 млрд жыл бұрынғы биологиялық тектің тасқа айналған суретімен және Тунис аумағында таспаға тартып алынған ежелгі микроағзалар бейнесімен салыстырып көрді. Ол фотосуреттерді талдай келе Жер мен Марстағы обьектілердің арасындағы ұқсастыққа назар аударған болатын. Бұл өз кезегінде қадым заманда қызыл планетаның су қоймаларында микроағзалардың болғанын білдіруі мүмкін. Әйтсе де ғалым Curiosity түсіріп алған фотосуреттегі обьектінің биологиялық тегі болмауы да мүмкін екенін жасырмады. Мәселен, ол судың, желдің немесе тұздың әсерінен пайда болуы мүмкін. Бұрын Марс атмосферасынан метан табылған еді, ал жартас жынысын бұрғылау кезінде жиналған сынамалық үлгілерден органикалық молекула табылған болатын.

0 пікір