Мәриям анаға тіл тигізгендерді Құранмен жазалады
Мәриям анаға тіл тигізгендерді Құранмен жазалады
6 жыл бұрын 3928 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ливандық сот төрағасы Жослин Матта Мәриям анаға тіл тигізген үш жасөспірімге ерекше әрі тағлымды жаза кесті. Абақтыға жабудың орнына айыпкерлерге Мәриям ана туралы және Иса пайғамбардың дүниеге келгенін баяндайтын "әл-Имран" сүресінің аяттарын жаттауға үкім шығарды. Сот шешімін орындаған жағдайда ғана, яғни, аталған аяттарды жаттағаннан кейін айыпкерлер бостандыққа шығады. Талап сондай. Сот төрағасы Жослин Маттаның бұл шешімін ливан қоғамы құптап отыр. Ол ол ма, премьер-министр Саад Харири мен бұрынғы ел премьері Нәжіп Микати әлеуметтік желіде сот төрағасының бұл шешімін даналыққа балап, жылы лебіздерін білдірді. 

0 пікір
Мұрағат