Мальдивада зекет заңдастырылуы мүмкін
Мальдивада зекет заңдастырылуы мүмкін
2 жыл бұрын 516

Мальдивтің ислам істері жөніндегі министрі доктор Мұхаммед Шаһим Әли Саид зекет туралы заң жобасын ұсынды. Онда жыл сайын 500 млн мальдив руфиі сомасында зекет жинау қарастырылған. Мүдделі тараптар қатысқан жиында сөз сөйлеген министр зекет заңмен қорғалған Сауд арабиясының, Бахрейннің, Суданның, Кувейттің және Малайзияның тәжірибесін қаперге алудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, ол халқының 100 пайызы мұсылман болып табылатын елде мұндай заңның қажеттілігін де тілге тиек етті. Осы орайда айта кету керек, өткен жылы аталған министрлік 52 млн руфи сомасында зекет жинаған болатын. Егер аталмыш министрлік ұсынған заң жобасы қабылданатын болса, Мальдив тұрғындары қаржы активтерінің 2,5 пайызын зекет ретінде төлеуге міндеттеледі. Сондай-ақ, әр азамат жалақысының 2,5 пайызын қайырымдылық шараларына жұмсайтын болады. Осы мақсатта аталған министрлік құрамынан зекетті басқару жөніндегі кеңес құрылуы тиіс. Бұл кеңес өз кезегінде зекеттің мұқтаж салаларға әділ бөлінуін және тиісті мақсатта жұмсалуын қадағалайды.

0 пікір