Малайзияда «шариғат индексі» енгізілді
Малайзияда «шариғат индексі» енгізілді
9 жыл бұрын 2624

Малайзияда «шариғат индексі» енгізілді – аталмыш көрсеткіште ислам дінінің үкімдеріне және фиһқа (ислам құқығы) қоғамның сәйкестігі басшылыққа алынады. «Шариғат индексінің» енгізілуіне орай Путражая қаласында өткізілген салтанатты шараға Малайзия премьер-министрі Нәжіп Разақтың өзі келіп қатысты. «Шариғат индексі», тарқатып айтқанда, Малайзияның ішкі және сыртқа саясатының, экономикасының, қоғамдық институттардың даму деңгейінің ислам дінінің қағидаларына қаншалықты сай келетінін анықтайтын индикатор болып табылады. Аталмыш индекстің көрсеткіштерін талдай келе Малайзия қоғамының ислам дінінің үдесінен шығуы үшін ел билігінің әлі де бұл бағытта жұмыстар жүргізудің қажеттілігі білінді. Осы мақсатта арнайы мемлекеттік комиссия құрылатын болады.

0 пікір
Мұрағат