Малайзия рохиньялық мұсылмандарға босқын мәртебесін беруден бас тартты
Малайзия рохиньялық мұсылмандарға босқын мәртебесін беруден бас тартты
2 жыл бұрын 458

Буддашыл радикалдардың қуғын-сүргінінен көз ашпаған азшылықты құрайтын рохиньялық мұсылмандар бастарын қатерге тігіп, түрлі қиындықтармен жол ауыртпашылығын еңсеріп, көрші елдерге ағылуда. Мьянмаға жақын орналасқан мұсылман елдерінің бірі – Малайзия жолдан арып-ашып, пана сұрап келген келген рохиньялық мұсылмандарға босқын мәртебесін беруден бас тартты. Біріккен Ұлттар Ұйымы тағы 40 мың рохиньялық мұсылманға босқын мәртебесін берсе де. Бас тартуының себебі: Малайзия БҰҰ-ның босқындар жөніндегі конвенциясына қосылмаған болатын. Сол себепті, рохиньялық мұсылмандар бұл елде балаларын мектепке бере алмайды әрі ресми түрде жұмысқа тұра алмайды. «Ендігі жерде еліме қайтып оралудан күдер үзген адаммын. Күйеуім Таиланд орманында контрабандылардың қолынан қаза тапты»,- деп мұңын шақты Наима есімді рохиньялық келіншек CCTV ақпарат көзіне берген сұхбатында. «Біз жунглиде болдық. Контарбандылар бізді аяусыз ұрып-соқты. Олардың кейбіреуі сол жерде қаза тапты. Кейбіреуі қашып құтылды»,- деді буддашыл радикалдардың өзіне сілтеген пышағынан жарымжан болып қалған Айюб Хан.

0 пікір