Макулатурадан Құран шығарады
Макулатурадан Құран шығарады
2 жыл бұрын 733

Бахрейннің мұсылмандары қасиетті Құранды макулатурадан шығаруды жоспарлап отыр. Олар осылайша қағаз үнемдеп, ысырапшылдыққа жол бермейтін болады. Экологиялық жағынан тиімді бұл жобаны қазіргі уақытта Bahrain Quran Care Society (Құранға қамқорлық көрсету қоғамы) жүзеге асырып жатыр. Жекелеген тұлғалар мен компаниялар күніне қанша қағазды ысырап етіп жататынын ескерген аталмыш жоба жетекшісі Амжад Әлі Сафдардың айтуынша, Бахрейннің әр түкпірінен макулатура жинаумен айналысатын 57 пункт ашқан. Макулатура жинаумен айналысатын пунктер мешіттің, мектептің маңынан және өзге де қоғамдық орындардан ашылды.

0 пікір