Мәйітке қатысты мәжбүрлік
Мәйітке қатысты мәжбүрлік
4 жыл бұрын 2998 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Адам мәйітін органикалық тыңайтқышқа айналдыру экологияға оң әсерін тигізеді, деп есептейді америкалық ғалымдар. Алты мәйітке бұл бағытта тәжірибе жүргізген ғалымдар адам мәйітін органикалық тыңайтқышқа айналдыру турасында ұсыныс білдіріп отыр. Бұл жайында Science News ақпарат көзі хабар таратты. Естеріңізде болса, осыдан аттай тоғыз ай бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасынан «Адам мәйіті тыңайтқышқа айналдырылады» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/adam-maiiti-tynaitqyshqa-ainaldyrylady-11885/#gsc.tab=0) деген тақырыппен таратқан хабарымызда АҚШ-тың Вашингтон штатында адам мәйітін тыңайтқышқа айналдыруға рұқсат етілгені әрі аталмыш штат шубернаторының өзі бастап, өзгелерге үлгі көрсетіп, өлген соң мәйітін тыңайтқышқа айналдыруға өсиет етіп кететінін және тек АҚШ-та ғана емес, сонымен қатар, Швеция мен Ұлыбританияда да бұл мәселеде рұқсат беріліп қойғанын жазған болатынбыз. Америкалық ғалымдардың уәжіне қарағанда, адам мәйітін органикалық тыңайтқышқа айналдыру керісінше пайдасы тимесе экологиялық жағынан еш зияны жоқ шара екенін алға тартып отыр. Жерлеуге жер тапшы, әсіресе, халқының саны бірнеше млн-ға жеткен ірі мегаполистерде. Бұдан бөлек, кремация – яғни, мәйітті өртеу қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды бөлетін шара. Мәселен, жерлеу кезінде мәйітті балзамдау қаншама улы заттар мәйітпен бірге топыраққа араласады.

0 пікір
Мұрағат