Лондон балабақшасында халал емес тағамға рұқсат жоқ
Лондон балабақшасында халал емес тағамға рұқсат жоқ
10 жыл бұрын 3718

Лондонның жергілікті полиция бөлімшесіне бір балабақшадан арыз келіп түседі. Қызығы, балабақша тәрбиеленушінің анасына қарсы арыз жазған. Не үшін?

Жағдай былай болған. Амари атты 5 жасар қыз өзінің анасы дайындап берген сэндичін балабақшаға ала келеді. Түскі ас кезінде әлгі тауық еті салынған сэндвичті байқап қалған балабақша тәрбиешісі балаға әлгі тағамды жеуге рұқсат бермеген. Халал екендігі анық болмағандықтан жегізбеген, - дейді қыздың анасы Ясмин Жексон.
Содан әлгі қыздың анасы бұған намыстанып, веб сайттарда әлгі балабақшаны жаман көрсету мақсатымен түрлі былапыт сөздер жазып, кемсітуін үдете түседі. Бұған наразы балабақша әкімшілігі полицияға арыз беруге мәжбүр болған. 

"Негізсіз айыптауларға біз төзе алмаймыз. Бұл жағдай туралы оқу орындарына және полиция бөлімшелеріне хабар бердік. Қазіргі осы мәселе шешімін күтудеміз", - дейді балабақша менеджері Афшин Сиддик.

0 пікір
Мұрағат