Ливия парламенті мүфтиятты таратты
Ливия парламенті мүфтиятты таратты
2 жыл бұрын 771

World Bulletin ақпарат көзі хабарлағандай, Ливия парламенті пәтуа және шариғи үкім шығаратын жоғары ведомстваны таратуға дауыс берді. Бұған Ливияның бас мүфтиі Садық Герианидің елдің халық қалаулыларының заңсыз сайланғаны жайында айтқан сөзі мен депуттардың сауалына жауап беруден бас тартып, парламентке келмегені түрткі болды. Бас мүфти парламентті тарату турасында мәлімдеме жасағаны да отқа май құя түсті. Ел елеулісі Жәлел Шубайхиди тілшілерге берген сұхбатында 91 депутаттың 68-нің аталмыш ведомстваны таратуды жақтап дауыс бергенін жеткізді. Өткен аптада Ливияның конституциялық соты  үстіміздегі жылдың маусым айының 25-і күні өткен парламент сайлауында конституция талаптарының бұзылуына жол берілгендігі жөнінде шешім шығарды.

0 пікір