Ливанда сириялық босқындар 1,1 млн-нан асты
|
Ливанның ішкі істер министрлігі Сириядағы азаматтық соғыстан бас сауғалап келген босқындардың шектен тыс көбейіп кеткеніне алаңдаушылық білдірді. Қазіргі уақытта Ливан аумағында шамамен 1,1 млн сириялық босқын тұрып жатыр. Олардың қатары күннен күнге артуда. «Елде сириялық босқындар үлесі 35%-ды құрайды. Олардың көбісі ешқайда ресми тіркелмеген», - деді ІІМ жетекшісі Жебран Бассил. Сириялық босқындарды тегін электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан ай сайын 100 млн доллар бөлінеді. Басқа әлеуметтік шығындарды есептемегенде, осының өзі Ливанның бюджетіне үлкен салмақ салып отыр. Бұған қоса, босқындар лагерінде тәртіпті қадағалаудың өзі түйткілді мәселеге айналған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Генетикалық ақпараттың берілуінің тағы бір тетігі анықталды
■
Жаһандық проблемаға байланысты жыл өткен сайын азық-түлік қымбаттай беретін болды
■
2100 жылға қарай барлық дерлік елде бала туу көрсеткіші өсу деңгейінен төмендейді
■
Суды микропластиктен қайнату арқылы тазартуға болатыны анықталды