Лассана Батилиге Франция төлқұжаты табыс етілді
Лассана Батилиге Франция төлқұжаты табыс етілді
2 жыл бұрын 575

Естеріңізде болса, осыдан санаулы күн бұрын Париждегі қарақшылық шабуылдан еврейлерді Лассана Батили есімді жігіт құтқарып қалған болатын. Осы елге осыдан 9 жыл бұрын заңсыз келіп, нәпақасын айырып жүрген африкалық жігіттің екінің бара бермейтін ерлік көрсетіп, құтқарып қалғаны және артынан оның көзсіз ерлігін естіп-білген Франция жұрты мұсылман жігітін қастер тұтып, оған азаматтық алып беруді ел билігінен талап етіп, Францияның ең жоғарғы марапатына – Құрмет легионы орденіне ұсынғаны турасында хабарлаған болатынбыз. Халықтың қалауынан аттап кете алмаған Франция билігі 24 жастағы мұсылман жігіттің ерлігін ескеріп, оған кезексіз азаматтық берді және салтанатты жағдайда премьер-министр Мануэль Вальстың атынан төлқұжатын қоса тапсырды. Бұл жайында Euronews ақпарат көзі хабар таратты. «Адамдар мені қаһарман санайды, алайда, мен қарапайым адаммын әрі осылай болып қаламын. Мен өте бақыттымын, сонымен қатар, маған да қиын – мен опат болғандармен бірге қаза тапқан досым Саша Коэннен айырылып қалдым», - деді ол толқи тіл қатып.

0 пікір