Кванттық оқу: қытай балалары «үшінші көзге» жаттығып жүр (видео)
Кванттық оқу: қытай балалары «үшінші көзге» жаттығып жүр (видео)
4 жыл бұрын 3672 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Интернетте миллиондаған ғаламтор пайдаланушысының жағасын ұстатқан видео шарлап кетті. Мектеп қабырғасындағы оқушылар көздерін таңып алып, кітап оқиды. Мұны өздері «кванттық оқу» деп атайды. Кванттық оқу дегеніміз не? Жалған ғылым ба әлде адам мүмкіндігін дамыту түрі ме? Кітапта жазылғандарды таңулы көзбен парақтай отырып, оның мазмұнын игере ала ма? Бүгінде кванттық оқу технологиясына бейімделу Қытайда танымал тәсілге айналған. Олардың айтуынша, кванттық-толқынды оқудың (Quantum Speed ​​Reading, QSR)  болашағы зор. Quantum Speed ​​Reading әдісі әу баста Жапонияда пайда болған. Аталмыш тәсілді тек балалар ғана емес, сонымен қатар, ересектер де пайдаланады. Соңғы бірнеше жылдың мұғдарында. Сонымен, QSR әдеттегі оқудан қалай айрықшаланады? Бұл сауалға жауапты QSR-ді қолданып жүргендердің өз аузынан білейік: бұл тәсіл білімді шапшаң игеруге көмектеседі-мыс. Сондай-ақ, жадыны нығайтуға, стрестен арылуға, жағымды ойлауға септеседі. QSR-ті ойлап тапқан Юмико Тобитани есімді Макота Шичиды балалар академиясының оқытушысы , тіпті, осы бағытта арнайы кітап жазған екен. Онда автор аталмыш әдістің пайда болу тарихын, оны тәжірибеде қолдану тәсілін баяндаған. Автордың уәжіне қарағанда, адам QSR көмегімен кез келген тілде жазылған кітапты оқи алады. Бұлай оқу әрбір сөйлемді, сөзді ежіктеп оқуды ұйғармайды, керісінше, тұтас, синтетикалық тұрғыдан оқиды. Олардың айтуынша, біздің «кванттық компьютер» — домалақ без – «үшінші көз» іске қосылады. Атақты философ Декарт аталмыш ағзаны «жанның құйымшағы» деп атап кеткен. Домалақ безде құм тозаңына ұқсас ұсақ түйіршіктер болады. Бұл ағза осы заманғы ғылымға беймәлім десе де болады. Кванттық оқу әдістемесі «үшінші көзді» дамытуға бағытталған. Осы үшін арнайы жаттығулар мен тренингтер әзірленген. Бейнелер мен түстер біірден санаға тап болады. Былайша айтқанда, көзсіз көруге негізделген.

 

0 пікір
Мұрағат