Күзде халал өнімдер көрмелері өтеді
Күзде халал өнімдер көрмелері өтеді
10 жыл бұрын 3470

Жапонияда тұңғыш рет халал өнімдер көрмесі өтеді. Жапондар күллі әлемге Азияда халал индустриясының дамып келе жатқанын көрсетуді мақсат етіп, өз елінде шариғат талаптарына сай өндірілген азық-түлік көрмесін өткізуді жоспарлап отыр. Үстіміздегі жылдың қараша айының 26-27 күндері өтетін көрменің тақырыбы: «Жапондық халал өнімдердің ғаламдық таралуы және отандық халал өндірісінің дамуы». Аталмыш шара аясында «Жапонияда жасалған» деген атпен жәрмеңке өтеді. Онда шариғат талаптарына жауап беретін өнімдер жұртшылықтың назарына ұсынылады. Форумға отандық және халықаралық делдалдар, халал өнімдерді сертификаттаумен айналысатын ұйымдардың өкілдері мен сарапшылар қатысады. Жапония билігі елдегі халал индустриясын дамытуға 2004-2013 жылдар аралығында күншығыс еліне мұсылман туристердің қаптап келе бастаған кезден бері ден қоя бастаған болатын. 2004-2013 жылдар аралығында күншығыс еліне әлемнің түкпір-түкпірінен келген мұсылман туристердің қарасы 7,2 пайызды құраған еді.

Ал желтоқсан айының 8-10 күндері аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарж қаласында халал өнімдерге арналған ІІІ-ші халықаралық OIC HALAL MIDDLE EAST көрмесі өтеді. 5000 шаршы аумақты алатын алаңда өтетін осынау шараға әлемнің 29-дан аса елі қатысады.

0 пікір
Мұрағат