Күрдтер тәуелсіздігі үшін референдумды ақыры өткізіп тынды
Күрдтер тәуелсіздігі үшін референдумды ақыры өткізіп тынды
7 жыл бұрын 3167 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ирактағы Күрдістанның тәуелсіздігі үшін өткізілген референдумға 3 млн-нан аса адам қатысқан. Сайлау учаскесі жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00-де жабылса да үлгермегендері келіп бәрібір дауыс беріп кеткен. Айта кетейік, күрдтер әлемдегі өз мемлекеті жоқ аса ірі этникалық топ, дәлірегі, 40 млн адамды құрайды. Олардың дені Түркияда, Иранда, Иракта және Сирияда шоғырланған. Иракта күрдтердің өз дербес автономиясы бар. Аталған елде күрдтер конституция бойынша артықшылықтарға ие. Бұл референдумды Ирак билігі заңсыз деп жариялады. АҚШ-та, Ресей Федерациясы да, Түркия да, Иран да, Сауд Арабиясы да, т.б. мемлекеттер күрдтердің бұл саяси қадамын қабылдамай отыр.  

0 пікір
Мұрағат