Күншығыс елі бір жыл шамасында соғыссыз, табиғи апатсыз, аштықсыз жарты млн-ға тарта адамынан айырылып қалды. Бір ғана себептен...
Күншығыс елі бір жыл шамасында соғыссыз, табиғи апатсыз, аштықсыз жарты млн-ға тарта адамынан айырылып қалды. Бір ғана себептен...
5 жыл бұрын 2590 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

2018 жылдан 2019 жылға дейін жапондар қарасы 433,2 мың адамға азайып кеткен. Қартаю процесіне байланысты. Бұл жайында күншығыс елінің ішкі істер және коммуникация министрлігі мәлім етті. Осы жылдың басында Жапониядағы халық саны 124,8 млн адамды құраған еді. Аталмыш құзырлы органның келтірген дерегіне қарағанда, олардың бәрі жапондар емес, соңғы уақытта елге келген шетелдіктер қарасы артып келеді. Керісінше, жапондар саны  он жыл қатарынан тоқтаусыз кеміп келеді. Бұған қартаю процесіне байланысты орын алып отырған туу көрсеткіші мен бақилық болғандар саны арасындағы айырмашылық себеп болып отыр. 2018 жылы 921 мың жапон дүние есігін ашса, өлген жапондар қарасы 1363 мың адамға жеткен. 

0 пікір
Мұрағат