Күннің суығынан қорыққан АҚШ фермерлері сиырларын киіндіруде
Күннің суығынан қорыққан АҚШ фермерлері сиырларын киіндіруде
9 жыл бұрын 2595

АҚШ фермерлері үй жануарларын қыстан аман алып қалу үшін оларды адам секілді киіндіріп жатыр. Бұл жайында "МИР 24" арнасы хабар таратты. Күннің қатты суытуына байланысты олар малына арнайы термокиімдер тіктіріп, киіндіріп қойған. Бұл арнайы киімдер жануарлардың арқасын толық жауып тұрады. Сиырларға, тіпті, баскиім кигізіп қойғандары да бар. Ал метеорологтар болса, боран соғып, жел күшейеді, деп дабыл қағуда. Желдің күші сағатына 90 шақырымнан асады деп болжанып отыр. Қатты жел америкалық аграрлық кешендерге өз кесірін тигізуі мүмкін.

0 пікір
Мұрағат