Күллі әлемнің байлығы қаншаға жетті?
Күллі әлемнің байлығы қаншаға жетті?
6 жыл бұрын 2937 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Соңғы он жыл ішінде әлемдегі байлықтың жалпы жиынтығы 30 пайызға артқан. Нақты санға шаққанда – 280 трлн доллар. Байлық жинауда Таяу Шығыс көш бастаған. Credit Suisse Research Instituteмұрындық болған Global Wealth Report зерттеу нәтижесіне қарағанда, аталған аймақ мұнайдың есебінен байыған. Парсы шығанағы елдердің ішінде Сауд арабиясы алда келеді – 772 млрд доллар. Ал екінші орында Біріккен Араб Әмірлігі 603 млрд доллар. Алдағы 5 жыл ішінде Таяу Шығыс пен Солтүстік Африканың әл-ауқаты 52%-ға немесе жыл сайын 8,8%-ға артып отырады. Мәселен, БАӘ-дегі жан басына шаққандағы капитал мөлшері өткен жылы 1,2%-ға артқан - 78 800 долларға жеткен. Катар реитингтің басында тұр: әрбір ересек адамға 102 517 доллардан айналады екен. Ал Бахреин бұл көрсеткіш бойынша -  30 800 доллар. 

0 пікір
Мұрағат