Күйеуін екі жыл байлап ұстаған
Күйеуін екі жыл байлап ұстаған
9 жыл бұрын 3579

Перудің Хуауйан елді-мекенінің Пабло Тамариз Коракилло есімді 86 жастағы тұрғыны екі жыл бойы ағаштан қиып салынған лашығынан шықпаған, өтйкені, әйелі оның қолын кісендеп, байлап-матап ұстаған. Полиция босатып алған зейнеткердің айтуынша, әйелі оны қашып кетпесі үшін осылай ұстаған көрінеді. Тек белгілі бір уақыттарда байлап ұстамаған, қолынан кісенді мүлдем ағытпаған. Осы уақыт аралығында қария қатты арып-азып кеткен. Бұл жайында Metro ақпарат көзі хабар таратты. Оның қамауда отырғанын көршісі, 56 жастағы Вильярреал Коррал полицияға жеткізген екен. Олар өз кезегінде қарияны босатып алған. Қазіргі уақытта ол ауруханада жатыр. Ол ендігі жерде әйелімен бірге тұрғысы келмейді. Оған әлеуметтік баспана беріледі. Ал, әйелін қандай жаза күтіп тұрғаны әлі белгісіз.

0 пікір
Мұрағат