Күйеуі әйелін үш жыл қамауда ұстаған
Күйеуі әйелін үш жыл қамауда ұстаған
2 жыл бұрын 1372

Үндістанның Бихар штатына қарасты Дарбханга қаласында сұмдық оқиға орын алды: жасауы аз болғандықтан әйелін шомылатын бөлмеде үш жыл қамауда ұстағаны жөніндегі ақпарат қоғамды дүр сілкіндірді. Байғұс әйел ұл емес, қыз перзент сүйгені үшін де «жазықты» болған. Қамаудан босатылған әйел көпке дейін көзін аша алмай қалған екен – жарықты «жатырқап» қалған көрінеді. Бұл жайында India Today ақпарат көзі хабар таратты. 25 жастағы байғұс әйелді баласымен де «көрісуге» мұрсат бермеген. Ол ол ма, күйеуінің туыстары оған өздері жеген ас қалдықтарымен «асыраған». Осылайша әйелден қыз туғаны үшін және жасауы аз болғаны үшін «кек» қайтарған көрінеді. Әйел қамаудан қалай босатылған дейсіз ғой? Әйелдің әкесі полицияға хабарласқан. Полицияның аралсуымен қамаудан босаған әйелді қызы танымай қалған көрінеді. Қазіргі уақытта осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Үндістанда жылына мыңдаған әйел жасауының немесе қалыңмалының аздығына байланысты зардап шегетінін айта кету керек.

1 пікір