Куба алғашқы әрі жалғыз мешіттен бас тартты
|
Коммунистік режим үстемдік еткен Куба билігі ел астанасында мешіт ашу жоспарынан бас тартты. Гаванадағы мұсылман жамағатының жетекшісі Педро Лазо Торрестің айтуынша, Түркияның дін істері жөніндегі ұйымымен бірігіп осы елде тұңғыш мешіт ашпақшы болған әрекеттері өз нәтижесін бермеген. Сондай-ақ, ол бұл елде Ресей Федерациясының православ шіркеуін ашуға рұқсат алғанын айта келіп, 4000 жамағаты бар мұсылмандар құлшылық үйінің ашылмай қалғанына алаңдаушылық білдірді. Куба мұсылмандары бұрынғысынша жамағатпен намазды осы елдегі мұсылмандар жетекшісінің қонақ үйінде оқып жүргенін де жайып салды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Генетикалық ақпараттың берілуінің тағы бір тетігі анықталды
■
Жаһандық проблемаға байланысты жыл өткен сайын азық-түлік қымбаттай беретін болды
■
2100 жылға қарай барлық дерлік елде бала туу көрсеткіші өсу деңгейінен төмендейді
■
Суды микропластиктен қайнату арқылы тазартуға болатыны анықталды