Кремль өкілі Ислам Кәрімовтің қайтыс болғаны туралы хабарламаларға қатысты пікір білдірді
Кремль өкілі Ислам Кәрімовтің қайтыс болғаны туралы хабарламаларға қатысты пікір білдірді
8 жыл бұрын 6074 Tengrinews.kz

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ақпарат құралдарында Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтің қайтыс болғаны туралы жарияланған хабарламаларға қатысты пікір білдірді. "Біздің бұл ақпаратты растайтын ешқандай дәлеліміз жоқ", - деді Кремльдің ресми өкілі РИА Новостибасылымына.

Өзбекстан президентінің аппаратындағы дереккөз ресейлік агенттікке Ислам Кәрімовтің бұрынғыдай ауруханада жатқанын және жағдайының тұрақты екенін айтты. Сондай-ақ, Өзбекстан президентінің қайтыс болғаны туралы тараған хабарламалардың расталмағанын айтты. "Ислам Кәрімов қайтыс болды деген ақпарат расталмаған. Ол ауруханада жатыр. Денсаулығы тұрақты", - деді ол.

Айта кетейік, 29 тамызда "Фергана" басылымы, сонымен қатар "Народного движения Узбекистана"  басылымдары мемлекет басшысының дүйсенбі күні Ташкент уақыты бойынша сағат 15.00 - 16.00 аралығында миына қан кетіп, қайтыс болды деген ақпаратта мәлімдеген болатын.

Осыған дейін Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтің кенже қызы Лола Кәрімова-Тилляева Facebook әлеуметтік желісінде әкесінің миына қан кеткенін айтқан болатын. 

0 пікір
Мұрағат