Көшедегі кептеліс ұрланған миллион теңгені қайтаруға себеп болды
Көшедегі кептеліс ұрланған миллион теңгені қайтаруға себеп болды
9 жыл бұрын 3479 baq.kz

Көшедегі кептеліс Астана тұрғынына ұрланған миллион теңгесін қайтаруға көмектесті. Бұл туралы Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап, 24.kz хабарлайды.

Полиция қызметкерлері кісі тонап, оның ірі көлемдегі ақшасын тартып алып кеткен Грузия азаматын заттай айғақпен ұстады. «Күндізгі уақытта, 15.00 шамасында Астана тұрғыны қаладағы банктердің бірінің есепшотынан ірі көлемде (миллион теңге) ақша алған. Қалада машинамен жүрген ол бір уақытта көлігін ашық қалдырып кетеді. Қайтып келген кезде өз машинасынан бейтаныс адамның мұның портфелімен шығып келе жатқанын көреді, ол мұның айқайлағанына қарамай, Volkswagen Golf көлігіне отырады. Бейтаныс адам мен оның рөлде отырған серігі оқиға орнынан қашып кетуге әрекеттенді», - деп хабарлады Астана ІІД баспасөз қызметі. Астана тұрғыны оларды өз автокөлігімен қуып жетуге тырысады. Көлік кептелісі кезінде ол Volkswagen-ді жаяу қуып жетеді. «Осы кезде аталған жол учаскесінде полиция қызметкерлері өтіп бара жатады, олар қозғалып бара жатқан машиналардың бірінің есігін ашпақ болған ер адамды көреді. Полиция қызметкерлері әлгі машинаны тоқтатады. Кісі тонаған адамдар ұсталды» делінген хабарламада. Ақша тонаған адамдардың Грузия азаматтары екені анықталды. Бұл дерек бойынша «Тонау» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар изоляторға қамалды. Тергеу жүріп жатыр.

0 пікір
Мұрағат