Көрші ел ойын контенттерін таратуды қолға алды
Көрші ел ойын контенттерін таратуды қолға алды
3 жыл бұрын 1246

Қытай үкіметі соңғы 12 жыл бойы қолданыста болған ойын консолдары мен консолдық бейнеойындарды сатуға салынған заңның күшін жойды.

Бірақ бейнеойындарды дайындайтындар мен тарататындар үшін жаңа ереже қатайтылған түрде қабылданды. Мәселен, құмар ойындарға қатысты ойын контенттерін таратуға болмайды. Сондай-ақ, ел аумағында нәсілдік және ұлттық кемсітушілікке жол беретін ойын түрлеріне сонымен қатар, зорлық-зомбылықты немесе есірткіні насихаттайтын ойындарға да тыйым салынды.  

Әрбір бейнеойын тексеруден өткен соң ғана дайындауға, таратуға ұлықсат беріледі. Келесі бір шарт: ойын контенттері тек қытай тілінде дыбысталатын мәтіндерді ғана қолданады.

0 пікір