Коррупциядан күніне әлемдік экономика қанша шығынға батады
Коррупциядан күніне әлемдік экономика қанша шығынға батады
5 жыл бұрын 2928 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлем бойынша параның мөлшері бір күнде бір трлн долларға жеткен. Осының кесірінен әлемдік экономика күніне жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлықтан 2,6 трлн доллар шығынға батады. Бұл сома жаһандық жалпы ішкі өнімнің бес пайызынан асып кетеді. Бұл жайында Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш Бүкіл әлемдік экономикалық форум келтірген мәліметке сілтеме жасай отырып, мәлім етті. Осылай дей келе ол коррупцияның дамыған елдерді де, экономикасы артты қалған мемлекеттерді де жайлағанына алаңдаушылық білдірді. Коррупцияның кесірінен қанша бала мектепке бара алмай отыр, қанша науқастың ем алуға жағдайы жоқ, инвесторларды үркітеді, табиғи ресурстарды талан-таражға салып отыр. Қоғамның құқықтық негізін шайқап, өзара сенімнің жоғалуына алып келуде. Бұдан бөлек, салықтан жалтару, ақша жымқыру, өзге де қаржылық алаяқтықтар кейінгі кезде етек алып бара жатыр.

0 пікір
Мұрағат