Коронавирустан қайтыс болғандардың саны 9 адамға жетті
Коронавирустан қайтыс болғандардың саны 9 адамға жетті
9 жыл бұрын 3088

Оңтүстік Кореяда коронавирус құрбандарының саны артты. Күллі әлем елдерін елең еткізген кеселден мұнда 9 адам қайтыс болған. Ал қатерлі дертті жұқтырғандардың саны 108 адамға жетті, - деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.

Науқастардың 13-і карантинге жабылған тұрғындар болып шықты. Олардың 10-ы Сеул медициналық орталығында ем-дом қабылдаған. Ел билігі қазір қоғамдық орындарды тексеріп, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар саяхатшылар үшін сырқаттарды қабылдаған 29 аурухананың атауын жария етілді. Ал бүлдіршіндердің өміріне қауіп төнбес үшін 2 мың 200 мектеп жабылды. Айта кетейік, коронавирус 2012 жылдың қыркүйек айында Сауд Арабиясы елінен шыққан болатын. Бірақ әлі күнге дейін бұл кеселге қарсы дәрі-дәрмек табылған жоқ. ДДСҰ өкілі Питер Бен Эмбарек: - Бүкіл әлем бойынша ғылыми-зерттеу институттарында жұмыс жасап, коронавирусқа қарсы вакцинаны ойлап табу үшін барынша күш салып жатырмыз. Жұқпалы дерттің таратушысы түйелер екені белгілі. Сол себепті де Таяу Шығыс өңіріндегі өркешті жануарлардың көбеюіне шектеу салған жөн деп есептейміз. Кеселдің тамырына балта шабу жолындағы алғашқы шара әзірге осы.

0 пікір
Мұрағат