Көптеген университеттерде мұсылман студенттеріне жағдай жасалған
Көптеген университеттерде мұсылман студенттеріне жағдай жасалған
9 жыл бұрын 3224

Оңтүстік Кореяның көптеген жоғары оқу орындарында мұсылман студенттеріне барынша жағдай жасалған. Нақтырақ айтқанда, шариғат талаптарына сай әзірленген халал тағам ас мәзірі, намазхана, т.б. ашылған. Мәселен, Седжонг университетінде осы оқу ордасының қабырғасында білім алып жүрген елуден аса мұсылман студентіне намазхана ашылған. Ал Кёнхи университетінде 60 адамға шақталған құлшылық бөлмесі бар. Ханьян университетінің жанынан шағын халал асхана ашылды. Онда аталмыш университетте оқитын 250 мұсылман студенті тамақтанады.

1 пікір
Мұрағат