Колумбия тұрғыны аты-жөнін ағылшын алфавитінің реті бойынша жаздырды
Колумбия тұрғыны аты-жөнін ағылшын алфавитінің реті бойынша жаздырды
9 жыл бұрын 5081

Колумбия астанасы Богата қаласында тұратын мектеп мұғалімі өз аты-жөнін ағылшын әліпбиінің әріптеріне алмастырды.

Енді жаңа төлқұжат бойынша оның аты-жөні - Abcdefg Hijklmn Opqrst Uvwxyz. 36 жастағы әйел мұндай таңдау жасап, ойын жүзеге асыру үшін шенеуніктермен екі жыл бойы күресіпті. Өзінің айтуынша, ол айтылуға ауыр келетін адам есімдерін жақсы көреді екен. Abcdefg Hijklmn Opqrst Uvwxyz деген есімді алмастан бұрын мұғалімнің аты-жөні Лэдизунга Киборг (Ladyzunga Cyborg) деп аталған екен. Ол өзінің көңіл-күйіне байланысты аты-жөнін бірнеше рет ауыстырған. Бұл жайында nur.kz сайты The Daily Mirror ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Әйелдің шын атын қазір ешкім білмейді.

0 пікір
Мұрағат