Көліктің астына түсіп өлген мысық бес күннен кейін тірілді
Көліктің астына түсіп өлген мысық бес күннен кейін тірілді
2 жыл бұрын 1719

АҚШ-тың Флорида штатында адам нанғысыз жағдай болды: Барт атты мысық көлік астына түсіп өлген соң оны қожайындары көміп тастайды, алайда, өлді деген мысық бес күннен кейін қайтып оралған. Бұл жайында The Independent ақпарат көзі хабар таратты. Мысықтың қожайыны Эллис Хатсон осыдан санаулы күндер бұрын көлік қағып, жол үстінде қанға малшынып жатқан мысығын үйінің табалдырығынан көргенде өз көзіне өзі сенбей сілейіп тұрып қалған екен. Мамандардың айтуынша, ол көлік қаққанда есінен танып қалған. Артынан есін жинап, үйіне оралған. Жол-көлік апатына ұшыраған мысық сол жақ көзінен айырылған, жағы сынған әрі бас сүйегіне зақым келген. Қазіргі уақытта ол ветеринарлық орталықта емделіп жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, мысықтың жағдайы жаман емес. 

0 пікір