Климаттың өзгеруі болашақ баланың жынысына әсер етуі ықтимал
Климаттың өзгеруі болашақ баланың жынысына әсер етуі ықтимал
2 жыл бұрын 1533

Жаһандық жылынудың және ауа райының төтенше құбылысының  әсерінен болатын климаттың өзгеруі адамзаттың биологиялық дамуына кері ықпал етуі ықтимал. Соның ішінде, жыныстық тепе-теңдікке де кері әсер етуі мүмкін. Мәселен, статистикалық мәліметтерге қарағанда, Шотландиядағы қоршаған ортаның ластануы салдарынан қыз балалар көптеп дүниеге келген. Мұндай жағдай Жапонияда да орын алған. Яғни, күншығыс елінде де ұл балалардың қарасы азайған. Сондай-ақ, мынадай кереғарлықты да айтпай кетуге болмайды: тропикалық елдерде, яғни, ыстық жақта қыз балалардың дүниеге келу көрсеткіші жоғары болса, солтүстікте орналасқан Финляндияда жылдың жылы мезгілдерінде ұл балалар көптеп дүниеге келген. Туу және түсік тастау мәліметтеріне үңілсек, 1968-2012 жылдар аралағында температураның төмендеуіне байланысты Жапонияда қыз балалардың қарасы артқан. Бұл зерттеудің нәтижесі  Fertility and Sterility журналында жарық көрді. Бұған қоса, аптап жазды қақаған қыс ауыстырғанда да болашақ баланың жынысының қалыптасуына әсер ететін көрінеді. Ал жануарларға жүргізілген зерттеу нәтижесінен климаттың өзгеруіне байланысты осы құбылысты байқауға болады. Мәселен, жауынды маусым кезінде ер жынысты шимпанзе көп туылса, ал теңіз тасбақасына келсек, жоғары температурада жиі жұмыртқалайды және ұрғашы тасбақалардың көптеп жұмыртқа жаратыны анықталған. Қыз бала болатын ұрық жатырда төзімді келеді десек те неге әлі күнге дейін ұл балалар көптеп дүниеге келеді? Мұның да жауабы белгілі болды: Үндістан және Қытай секілді елдерде селектірлік түсік деп аталатын тәжірибе қолданылады. Сарапшылар мұны әлеуметтік факторлармен және ұл балаларға басымдық беретін дәстүрмен байланыстырып отыр. Бұл мәселені ғалымдар адам ағзасынан тыс жасанды жатырда ұрықты дамыту арқылы шешуге болатынын алға тартып отыр. Ал футурологтардың айтуынша, енді бір отыз жылдан кейін адамдар жаппай арнайы приборларда өсіп-жетілетін болады. Экологияның нашарлауы өз кезегінде демографиялық ахуалға кері әсерін тигізуде. Белсіз ерлер мен бедеу әйелдердің қатары ғарыштық жылдамдықпен артып келе жатқаны жөнінде әлем ғалымдары дабыл қағуда.  

0 пікір
Мұрағат