Кірпіштен автокөліктің нұсқасын жасады
Кірпіштен автокөліктің нұсқасын жасады
2 жыл бұрын 739

Қытайдың Шэньси проввинциясына қарасты Сианя қаласының арт-дизайнері Дай Юн кәдімгі кірпіш пен цементті пайдалана отырып, Mercedes автокөлігінің толық көшірмесін жасап шығарды. Бұл жайында Lifenews.ru ақпарат көзі хабар таратты.  Mercedes-тің өзгеше көшірмесі Шанхайдағы Red Town шығаармашылық бағына қойылды. Қытайлық дизайнердің аталмыш автокөліктің артық-кемі жоқ дәлме-дәл көшірмесін жасағаны былайғы жұртшылықты таңқалдырған болатын. Сөз орайы келгенде айта кетейік, елімізде де қолы епті Жандос Нәжмединов есімді 27 жастағы жігіт өзгеше Mercedes-імен Шымкент көшелерінде жүйткіп жүрген көрінеді. Ол өз автокөілігін екі жыл бойы өз қолымен безендірген екен. Оның салоны да ерекше деседі: түнгі клубқа ұқсатып жасаған, ішіне кірсең – шыққысыз, бәрі жарқырап, жалтылдап тұр. Ол бояу мен лоскке шамамен жарты ммиллион теңге жұмсаған.  

0 пікір
Мұрағат