Киелі кітаптарды өртеуге тыйым салынуы мүмкін
Киелі кітаптарды өртеуге тыйым салынуы мүмкін
5 жыл бұрын 2476 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Даниядағы ислами ұйым киелі кітаптарды өртеуге тыйым салуды қарастыратын науқанды бастады. Сәуір айының 19-ы күні аталмыш елдегі мұсылмандар ұйымының мұндай қадамға баруына исламға қарсы «Stram Kurs» радикалды партиясының жетекшісі Расмус Палуданның ел көзінше қасиетті Құранды өртегені себеп болған. Осыған байланысты ел конституциясындағы құдайға тіл тигізу бабын қайта қарастырып, мұндай акцияны болдырмау үшін аталмыш бап талаптарын қатаңдатуға шақырды. Ел билігін. Сөз орайы келгенде айта кету керек, соңғы жылдары исламофобия асқынған батыс елдерінде қасиетті Құранды өртеу "сәнге" айналған болатын. Исламға қарсылық ретінде. Әсіресе, елге есімі белгілі саясаткерлер арасында. Мәселен, Ауғанстандағы Баграмда орын тепкен америкалық әскери базада қасиетті Құран өртелді, бұдан бөлек, кезінде әлімді шулатқан пастор Терри Джонстың әрекетін алсақ та болады. Қасиетті Құранды өртеп, аты шыққан болатын. Мұндай мысалдар мен фактілер көптеп кездеседі. 

 

0 пікір
Мұрағат