КХДР-да Ким Чен Ынның сөзі кезінде ұйықтап қалған қорғаныс министрі ату жазасына кесілді
КХДР-да Ким Чен Ынның сөзі кезінде ұйықтап қалған қорғаныс министрі ату жазасына кесілді
9 жыл бұрын 2935

КХДР қорғаныс министрі Хён Ён Чхоль «мемлекетке сатқындық жасады» деген айыппен зениттік зеңбіректен атып тасталды. Бұл жайында nur.kz шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Ал шетелдік БАҚ өз кезегінде Оңтүстік Корея барлау қызметінің мәліметтеріне сүйеніп, хабар таратқан.

Хабарда айтылғандай, Хён Ён Чхоль КХДР елбасы Ким Чен Ынның алдында кеңес отырысы кезінде ұйықтап қалғаны үшін жазаға тартылыпты.

Оңтүстік кореялық «Ренхап» агенттігінің мәліметінше, министр 30 сәуір күні Пхеняндағы әскери училищеде атылған.

Еске салсақ, сәуір соңында КХДР-дың 15 жоғарғы шенеунігі дарға асылды деген ақпарат пайда болған.

12 мамырда CNN, бұрын жоғарғы лауазымда отырған КХДР-дан қашып келген дереккөзіне сілтемелеп хабарлағандай, Ким Чен Ын өзінің әкесі Ким Чен Ирдің қарындасы Ким Ген Хиді (көпшілік алдында 2013 жылдан бері көрінбей кетті) улап өлтіру туралы бұйрық беріпті.

 

Тайландта корольдің суретіне тіл тигізген әйел сотталды

Тайланд соты 65 жастағы ақыл-есі кем әйелді «монархия мен корольдің суретіне тіл тигізді» деп айыптап, бір жылға бас бостандығынан айырды.

Оқиға 2012 жылдың шілде айында Бангкок қаласында болған. Алғашында әйел денсаулығына байланысты шартты мерзімге сотталған болатын, алайда, аппеляциялық шағымнан кейін шартты мерзімді нақты мерзімге ауыстырды.

«Сотталушының бұл қылығы дұрыс емес. Оның бұл әрекетін басқалары қайталамауы тиіс»,- деді судья сот процесі барысында.

Айта кетейік, Тайландта монархияға тіл тигізу заңмен жазалананды.

0 пікір
Мұрағат