Келесі жылы Мысыр астанасын ауыстырады
Келесі жылы Мысыр астанасын ауыстырады
7 жыл бұрын 3627 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

2018 жылдың соңына дейін Мысырдың әкімшілік орталығы қазіргі ел астанасы - Каир қаласынан 45 шақырым қашық орналасқан, құрлысы қарқынды жүріп жатқан жаңа қалаға ауысатын болады. Құрылысы 45 млрд долларға бағаланған жаңа астана тұрғындарының саны 20 млн-ға жеткен Каир қаласына одан ары салмақ түсірмеу мақсатында тұрғызылып жатыр. Басқа себебі жоқ. Жаңа астана Каир қаласымен теміржол арқылы байланысады. Жаңа астананың өз әуежайы болады. Бұл әуежаий Таяу Шығыс аймағындағы ең ірі әуежай болмақ. Сондай-ақ, қонақ үйлер мен 25 тұрғын үй кварталы соғылып жатыр. Каир қаласынан жаңа астанаға шамамен 5 млн адам қоныс аударуы мүмкін. Олардың дені мемлекеттік қызметкерлер болмақ. 

0 пікір
Мұрағат