Катарға барғысы келетін азаматтар назарына!
Катарға барғысы келетін азаматтар назарына!
7 жыл бұрын 2781 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Катарда сирек кездесетін кісі өліміне апарып соқтыруы мүмкін аса қауіпті MERS  коронавирусын адамның жұқтырғаны жайындағы мәлімет ресми расталды. Бқл жайында Arabian Business ақпарат көзі хабар таратты осы елдің денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасай отырып. Нақтырақ айтқанда, 62 жастағы ел тұрғынының аталған вирусты жұқтырып алғаны анализ арқылы анықталған. Науқас қазіргі уақытта адамдардан оқшауланып, ем қабылдап жатыр. Айта кетейік, мұндай жағдай Катарда биыл алғаш рет тіркеліп отыр. Жалпы алғанда, араб елдері бойынша 17 адам осы вирусты жұқтырып, олардың жетеуі қаза тапқан еді. Ең алғаш рет бұл індет 2012 жылы Сауд арабиясында байқалған болатын. Бүкіл әлем бойынша 180 адам жұқтырып, олардың 38-і аурудан айықпай көз жұмған болатын.

0 пікір
Мұрағат