Катар қажыларының шығынын Саудия королі өзі көтереді
|
Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбдіәзіз әл-Сауд катарлық қажыларды "Саудия әуе желісі" ұшақтарымен қасиетті мекендерге тегін тасымалдауға пәрмен берді. Бұл жайында Sky News Arabia ақпарат көзі хабар таратты. Сондай-ақ, катарлық қажылар әр қажы өзімен бірге алып жүруге міндетте электронды рұқсатнаманы алып жүруден босатылды. Естеріңізге сала кетсек, ай күнтізбесі бойынша зүлхиджа айы тамыздың 30-ы күні кіреді.