Каспи суын тасып алмақшы
Каспи суын тасып алмақшы
3 күн бұрын 527

Естеріңізде болса, осыдан табаны күректей бес ай бұрын "Иран мен Ресей Каспиге қауіп төндіріп тұр" (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/iran-men-resei-kaspige-qauip-tondirip-tur-11443#gsc.tab=0) деген тақырыпта жазыппыз. Бұл жазбамызда Иран билігінің құрғақшылықпен күресте Каспи суын пайдаланатынын әрі осыған байланысты Ресейдегі көптеген су қоймаларының кесірінен жылдан жылға тартылып келе жатқан Каспи теңізіне төнген экологиялық апатты одан ары жақындатуы мүмкін екені турасында айтып өткенбіз. Таяуда Иран билігінің аталған жоба бойынша құрғақшылықтан зардап шегіп отырған Семнан провинциясына Каспиден жылына 200 млн текше метр су айдауды ұйғарғаны белгілі болды. Бұл жайында ILNA ақпарат көзі шиғалар елінің су және энергетикалық ресурстарды дамыту жөніндегі компанияның атқарушы директоры Бехруз Моради мәлім етті. Оның айтуынша, Каспидің суын тұшшыландырып, оны ауызсу ретінде әрі өнеркәсіпте пайдаланбақ. 

0 пікір
Мұрағат