Кәрістер олимпиада кезінде мешіт аштыруға қатты қарсылық көрсетіп жатыр
Кәрістер олимпиада кезінде мешіт аштыруға қатты қарсылық көрсетіп жатыр
6 жыл бұрын 3344 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Күллі әлем көз тігіп отырған Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында олимпиада кезінде шағын мешіт ашылатыны турасында осыдан бірер күн бұрын хабарлаған едік. Әлемнің әр түкпірінен келетін мұсылман спортшылары мен жанкүйерлерге арнап ашылуы тиіс мешітті былай қойып, намазхана аштыруға жергілікті тұрғындар наразылық білдіріп, 56 мыңнан аса кәріс петицияға қол қойған екен. Мұсылмандардың құлшылық үйін уақытша болса да аштыруға наразылық білдіріп отырған кәрістердің бұл әрекеті дүбірлі додаға келген мұсылман спортшылары мен жанкүйерлерінің көңіліне қаяу салған. Сөз орайы келгенда айта кетейік, халқының саны 50 млн-нан асатын Оңтүстік Кореяның тек 0,2 пайызы ғана мұсылмандар. 

0 пікір
Мұрағат