Жыл сайын құрғақшылық жайлайтын аудандардың аумағы ұлғая береді
Жыл сайын құрғақшылық жайлайтын аудандардың аумағы ұлғая береді
4 жыл бұрын 3627 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жаһандық жылыну салдарынан орын алған климат өзгерісінен әлем бойынша ұдайы құрғақшылық жайлайтын өңірлердің аумағы ұлғайып келеді. Бұл жайында Nature ақпарат көзі Вашингтон штаты университетінің ғалымдарының осы бағытта арнайы жүргізген зерттеу нәтижесі мен тұжырымдарына сілтеме жасай отырып хабар таратты. Яғни, шөл және шөлейтті аймақтардың аумағы артып келеді.

Дәнді-дақыл өсіруге келмейтін, бұта-қараған, жантық, т.б. шөлді аймақтарда өсетін шөлейтті жерлерді өз кезегінде малға жайылым ретінде пайдалануға болады. Әлем бойынша мұндай жердің аумағы 41%-ды құрайды әрі әлем халқының 38%-ның тіршілік көзіне айнала алады. 2100 жылға қарай тек мал жайылымы ретінде пайдалануға жарайтын мұндай өңірлердің аумағы 12%-ға артады. Бұдан бөлек, құрғақшылық мұндай шөлейтті аймақтардың биологиялық әр алуандығына өз зардабын тигізеді, сонымен қатар, жиі өрт болып, соның кесірінен, яғни, аумағы тарылған орман-тоғайдың  жер атмосферасынан көміртекті сіңіру мүмкіндігі төмендейді. Мәселен, аумағы тұтастай шөлейтті болып келген Австралия құрлығында орман өрті жиілеп, мал жайылуға жарамды жер аумағы тарылады. Таяуда ғалымдардың халықатарлық тобы климат өзгерісін тоқтатудың 76 тәсілі мен тетігін ұсынған болатын. Олардың айтуынша, егер өздерінің ұсынысы қабылданып, қолдау тапса, әлем елдері 144 трлн доллар қаржыны үнемдейді. Яғни, болашақта климат өзгерісінің салдарымен, зардабымен күресуге жұмсайтын қаражатты үнемдей алады.

0 пікір
Мұрағат