Жыл басынан бері қанша шенеунік жазаланды?
Жыл басынан бері қанша шенеунік жазаланды?
7 жыл бұрын 3615 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Сыбайлас жемқорлық пен коррупцияға ымырасыз майдан ашқан Қытай билігі келтірген мәліметке қарағанда, биылдың өзінде, яғни, жыл басынан бері тәртіп бұзғаны үшін және құзыретін асыра пайдаланғаны үшін, яғни, құқыққа қайшы ірекеті үшін 201 мың шенеунік жауапкершілікке тартылып, жазасын алған. Бұл жайында Қытай халық республикасының тәртіпті қадағалау жқніндегі орталық комиссиясы жасаған мәлімдемеде айтылған. "2017 жылдың бірінші жарты жылдығында барлық деңгейдегі коррупцияға қарсы инстанцияға ұзын саны 1,31 млн шағым келіп түскен. Тәртіп бұзғаны үшін 260 мың іс қозғалған. 210 мың адам тәртіп бұзғаны үшін жазаланды. 176 мың адам париялық сөгіс алды",- деп айтылған құжатта. Айта кетейік. аталған елде сыбайлас жемқорлық пен коррупциямен күрес 2012 жылдан бастап, яғни, билік тізгіні Си Цзиньпин қолына тиген сәттен басталды десе де болады. Сол жылдан бері мемлекеттің қауіпсіздігіне және экономикасына қатерлі бұл қылмыс түрі бойынша  бірнеше мыңдаған адамға іздеу жарияланып, олардың мыңға жуығы қайтарылды және жазасын алды. Он мыңдаған адам өлім жазасына кесілді. Сыбайлас жемқорлықпен және коррупциямен ымырасыз күрес басталған сәттен 2 жыл ішінде Қытай АҚШ-тың XX ғасырда шығарған цементінен әлдеқайда көп цемент шығарған. (4,9 гигатонн), жолдарының ұзындығы 4 млн. шақырым. Бүкіл елде 300 мың көпір бар, оның 1000-ның ұзындығы 1 шақырымнан артық. Жыл сайын 100 әуежай салынады. Одан бөлек 28 шақырым болатын тоннель бар. Гуанчжоудан Гуйян-ға баратын пойыз бір сағатта 510 көпірді және 236 тоннельді өтеді, осының бәрі 250 км/сағатта. 30 жылда Қытайдың тұрғын жері 8 есе кеңейген. 10 жылдан кейін Қытайда 220 қалада 1 млн. адам тұратын болады. Қытай билігі бұл қылмыстың алдын алу үшін, яғни, коррупционерлер бас сауғалап құтылмасы үшін әлем бойынша ғаламдық коррупцияға қарсы желі құруға күш салып жатыр. Осы мақсатта әлемнің өзге елдерімен келіссөз жүргізіп жатыр. 

0 пікір
Мұрағат