Жүйке жүйесі нашар бала Құран жаттады
Жүйке жүйесі нашар бала Құран жаттады
10 жыл бұрын 3429 islam-today.ru

10 жасар индонезиялық церебралді паралич ауруымен ауыратын баланың Құранды бастан аяқ жаттап алуға күші жетті. Өздеріңіз білетіндей бұл ауру (ДЦП) жүйке жүйесінің нашарлауымен байланысты кесел. Ол балаға еркін қимылдауға, ойлауға, оқуға мүмкіндік бермейді. Ал, енді осындай науқасқа шалдыққан баланың Құранды толық жаттап алуы таңқалдырып отыр.

Фаджар Абдуррахимның ата-анасы Құран – дертке дауа, ауруға шипа дегенді алға тартады. Осы мақсатта олар балаға туыла салысымен Құранның аудио нұсқасын тыңдата бастаған. Сондай-ақ теледидар, музыка секілді нәрселерге жақындатпаған көрінеді. Кейіннен бала түрлі-түсті суреттерге қызыға бастағанын пайдаланып, интерактивті тақта арқылы араб алфавитін жаттатқызыпты. Ары қарай, оқытушымен жұмыс жасаған Фаджар 9 жасында Құран сүрелерін ретімен әрі жатқа айтуды толық меңгереді.

Әрдайым Құран тыңдағандықтан болар баланың жағдайы жақсара бастады. Қазір баламыздың мектепке барып жүргені таңқалдырады. Баланың миының өлі жасушаларын оятқан бұл – Құранның кереметі, - дейді Фаджардың анасы.

1 пікір
Мұрағат