Жөйт профессоры тосын пікір білдірді
Жөйт профессоры тосын пікір білдірді
10 жыл бұрын 4376

Еуролиганың ақтық сынында Израилдің «Маккаби» баскетбол клубының «Реалды» ойсырата жеңуі: «Жөйттер – артықша жаратылған таңдаулы халық» тероиясына қызмет ететін сионизм идеясына күйрете соққы бергенін айтты Жөйттер университетінің тарих ғылымының профессоры Моше Цимерман. Профессордың сөзіне қарағанда, Тель-Авив командасы тек шетелдік жалдамалы ойыншылардың арқасында ғана толағай жеңіске жеткен.

«Факт көзге көрініп тұр. Израил легионерлердің қызметіне жүгінеді. Бұл барып тұрған алаяқтық. Сионизмнің іргетасын қалағандардың көксегені осы ма еді»,- деді ол күйіне тіл қатып.
Бір айта кетерлігі, жөйттер командасының Еуролигадағы бұл жеңісі қазіргі уақытта бұқаралық ақпарат құралдарының бетінен түспей тұр. Осынау жеңісті «тарихи сәтке» балап, «рухтың қайсарлығы» дәрежесіне көтеріп жатыр.

0 пікір
Мұрағат