Жоғарғы сот тарихи үкім шығарды
Жоғарғы сот тарихи үкім шығарды
2 жыл бұрын 750

АҚШ-тың жоғарғы соты үстіміздегі жылдың маусым айының 1-і күні тарихи үкім шығарды. Нақтырақ айтқанда, Оклахома штатындағы балалар киімін сататын «Abercrombie & Fitch» дүкенге жұмысқа тұрмақ болып, өтініш берген Саманта Эляуф есімді сол кезде жасы 17-дегі бойжеткеннің аталмыш сауда үйінің әкімшілігі оның шариғат шәлісін жамылатынын желеу етіп, бетін қайтарған болатын. Яғни, 2008 жылы оны жұмысқа қабылдаудан бас тартқан еді. Мұсылман бойжеткені осыған байланысты сотқа шағымданған болатын. Бұл жайында «Reuters» ақпарат көзі хабар таратты. Осы істі қараған алқа билердің сегізі қыздың пайдасына дауыс берсе, тек біреуі ғана қарсы шыққан. Айқын басым дауыспен жеңіске жеткен мұсылман бойжеткеніне қатысты осынау сот процесіне байланысты Америка-Ислам қатынасы жөніндегі кеңестің (CAIR)  директоры Нихад Авад өз пікірін білдірді: «Біз америкалық мұсылман жамағаты өршіп тұрған исламофобиялық құбылыстан жиі жәбір көретін кезде дін бостандығын қорғауға бағытталған осындай тарихи шешімнің шығарылғанын құптаймыз». 

0 пікір