Жоғалған балалардың суреті пластикалық пакеттерде жүр
Жоғалған балалардың суреті пластикалық пакеттерде жүр
9 жыл бұрын 4726

Түркиядағы аса ірі сауда желісі жоғалған балалардың суретін пластикалық пакетке орналастырды. Бұл жайында Euronews.com ақпарат көзі хабар таратты. Суреттен басқа жоғалған балалар туралы ақпарат берілген. Яғни, олардың қандай жағдайда және қай жерде жоғалғаны, сондай-ақ, оларды байқағанда қайда хабарласу керектігі айтылған. Сауда орнының басшылары мұндай қадамға жоғалған балаларды табу мақсатында барғандарын жеткізді. Жоғалған балалардың ата-аналары бұл бастаманы қолдайтындарын білдіріп, аталмыш сауда орнының қызметкерлеріне алғыстарын айтты.

0 пікір
Мұрағат