Жерасты түрмесінен 1,5 мыңнан астам тұтқын босатылды
|
Ирак әскері Хит қаласында жерасты түрмесін тауып, одан 1,5 мыңнан астам адамды босатты. Олардың барлығын «Ирак пен Левант» лаңкестік тобы тұтқында ұстаған. Бұл туралы жергілікті билікке сілтеме жасаған шетелдік ақпарат құралдары хабарлайды. Азат етілген азаматтардың көпшілігігі бейбіт тұрғындар болып шықты. Қазір олар қауіпсіз орынға жеткізілді. Жалпы Хит қаласын содырлар жыл басында басып алған еді. Қазір мұнда Ирактың үкімет жасағы мен лаңкестер арасында қиын-кескі ұрыс жүріп жатыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Әлемдегі ауа тазартатын ең ірі зауыт іске қосылды (видео)
■
Таяу Шығыстағы ең бай қала аталды
■
BionicBee робот аралары үйір құруды үйренді (фото+видео)
■
Cаудиядағы қасиетті орындарда климаттық бақылау жүйесі іске қосылады
■
SiMaxx аккумуляторлы кеудешелер болашақ сарбаздарын екі есе энергия қорымен қамтамасыз етеді (видео)