Жекеменшік және элиталық мектептер жойылатын болды
Жекеменшік және элиталық мектептер жойылатын болды
4 жыл бұрын 2582 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Оңтүстік Корея билігі 2025 жылға қарай ел аумағындағы барлық жекеменшік және «элиталық» мектептерді тарататынын мәлімдеді. Бұл жайында таңғы шық елінің бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазды. Кәріс қоғамы мұндай қадамға не үшін барып отыр? Білім беру ошақтарындағы бұл жүйе  қоғамның тапқа, жікке бөлінуіне, әлеуметтік теңсіздікке алып келмек. Бұл өз кезегінде ұлттың тұтастығына сына қағатын жүйе.  Білім беру саласынан бастаған мұндай реформа ұлт болашағын, ұрпақ қамын ойлаудан туған ел билігінің елеулі қадамы еді. 2025 жылдан бастап Оңтүстік Корея аумағындағы барлық жалпы білім беретін мектептер осы күнгі тек байлардың балалары ғана білім ала алатын «элиталық мектепке» айналдыру бағытында жетілдірілмек. Яғни, мемлекеттік жалпы білім беру мекемелерін элиталық мектеп деңгейіне көтеру міндеті тұр.

0 пікір
Мұрағат