Жауратпайтын футболка киетін күн де алыс емес
Жауратпайтын футболка киетін күн де алыс емес
10 жыл бұрын 3037

Торонто уинверситетінің студенттері FuelWear компаниясын құрып, «Flame Base Layer» деп аталатын, жасанды жолмен жылу бөлетін футболканы ойлап тапты. «Ақылды» футболка қоршаған ортаның температурасына қарай адам денесінің температурасын өзгертеді. Мәселен, 20 градустық аязда ол адам денесінің температурасын 10 градусқа көтереді. Температураны автоматты түрде реттейді. Температураны арнайы бақылау құрылғысы «қадағалайды».  Ерекше футболка микробқа қарсы тұратын қасиетімен белгілі бамбук матасынан тігілген. Кеуде тұсы мен арқаның төменгі жағында көміртекті талшықтан жасалған жылу бөлетін элемент бар. Литиондық батарейка футболканы он екі сағатқа дейін пайдалануға мүмкіндік береді. Қажетті температура деңгейі светодиодан көрінеді. Барлық конструкция 100 грамм тартады. Осы заманғы смартфоннан сәл ауырлау келеді. Мұндай футболкаларға сұраныс жоғары екенін айтады студенттер. Бес күннің ішінде 20000 долларға тапсырыс келіп түскен. Аталмыш футболканың алғашқы партиясы жылдың аяғында сатылымға шығарылады.

0 пікір
Мұрағат