Жасы 100-ден асып кеткен қарттар қарасы бойынша қай ел көш бастап тұр
Жасы 100-ден асып кеткен қарттар қарасы бойынша қай ел көш бастап тұр
6 күн бұрын 172 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бүгінде Жапонияда жасы 100-ден асып кеткен қарттар қарасы 71-нан асып кеткен. Күншығыс елінің денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі 2019 жылдың қыркүйек айында келтірген дерегіне сай өткен жылғы көрсеткішке қарағанда жасы 100-ден асқан қарттар қарасы тағы 1489 адамға көбейген. Жасы 100-ден асқан қарттардың дені әйелдер - 88,1%. Осыдан жарты ғасырдан астам уақыт бұрын, дәлірегі, 1963 жылы жасы 100-ден асқан қарттар қарасы бар-жоғы 153 адамды құраған болатын. Аталған елде. Сол жылы ел билігі қарт адамдарды әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз ету туралы тұңғыш рет заң қабылдаған еді. Қарттыққа тән кең таралған алжу ауруынан зардап шегетіндер қарасы да көбейген. Ақыл-есі кіресілі-шығасылы қарттардан күніне 45-тен аса хабар-ошарсыз жоғалады. Соңғы 6 жыл ішінде аталған елде жоғалған адамдар қарасы 1,7 есеге артқан. Олардың жартысын жасы 80-нен асқандар құрап отыр. Өткен жылы бұл елде алжу дертіне шалдыққандардан 16 866 адам жоғалған екен. Олардың 16 227-і табылған, 508-і қаңғып жүріп бақилық болған. Осыған байланысты бір адамға шаққанда медициналық шығындар шамамен 337 000 йенге жеткен. Яғни, аталмыш министрлік келтірген мәліметке қарағанда, өткен жылы медициналық мекемелерге 42 трлн 600 млрд йен бөлінген ел бюджетінен. Күншығыс елінің денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің «Медициналық қамтамасыз ету шығындарындағы үрдіс» деп аталатын есебінде жарияланған мағлұматқа сәйкес жан басына, яғни, бір адамға медициналық шығын бір жылда 337 000 йенге жеткен. Жапонияда осылайша медициналық шығын жалпы ішкі өнімнің 7,87%-ын құраған болатын. Өткен жылы.

0 пікір
Мұрағат